7 сағат бұрын

The Ring: Александр Усик шілдеде рингке оралады

The Ring: Александр Усик шілдеде рингке оралады

Ауыр салмақта үш чемпиондық белбеу иесі, украиналық Александр Усик британиялық Даниэль Дюбуамен кездеседі.

The Ring басылымының мәліметінше, абсолютті чемпион атағы үшін сарапқа салынатын бұл кездесу 12 шілде күні Лондондағы әйгілі «Уэмбли» стадионында өтеді. WBO, WBA және WBC тұжырымдары бойынша үш белбеудің иесі Александр Усик бұл жолы Даниэль Дюбуаға тиесілі IBF нұсқасы бойынша төртінші белбеу үшін бақ сынамақ.

Айта кетейік, бұған дейін Усик британиялық Тайсон Фьюримен алғашқы кездесуінен кейін-ақ «абсолютті чемпион» атанған. Алайда кейін IBF белбеуінен бас тартып, бұл титул Дюбуа мен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жекте сарапқа салынды. Сол кездесуде Дюбуа жеңіске жетіп, IBF тұжырымы бойынша толыққанды чемпион атанды.

Усик пен Дюбуа бұған дейін 2023 жылы да шаршы алаңда кездескен. Ол кезде Усик тоғызыншы раундта Дюбуаны нокаутқа түсірген еді.

Облыстар антирекорды: VI Қысқы Спартакиада қалай өтті?

Басқа

Облыстар антирекорды: VI Қысқы Спартакиада қалай өтті?

Григорий Бабаян: Ұлттық құраманы жаттықтыру — арманым, бірақ әлі уақытым келген жоқ

Футбол

Григорий Бабаян: Ұлттық құраманы жаттықтыру — арманым, бірақ әлі уақытым келген жоқ

Ұлттық спортты дамытуға қанша қаражат бөлінген?

Басқа 47 минут бұрын

Ұлттық спортты дамытуға қанша қаражат бөлінген?

Жаңа салмаққа ауысқан Сәкен Бибосынов нокдаунмен жеңіске жетті

Бокс 60 минут бұрын

Жаңа салмаққа ауысқан Сәкен Бибосынов нокдаунмен жеңіске жетті

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адаместің арасындағы дау қайта жалғасты

Бокс 1 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адаместің арасындағы дау қайта жалғасты

Бақтияр Зайнутдинов мансабын аяқтамайды

Футбол 1 сағат бұрын

Бақтияр Зайнутдинов мансабын аяқтамайды