3 күн бұрын
Жаңа салмаққа ауысқан Сәкен Бибосынов нокдаунмен жеңіске жетті

Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші боксшыларының бірі Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Курбан Байранбековпен кездесіп, төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңіске жетті. Айта кету керек, екінші раундта Сәкен қарсыласын нокдаунға түсірді.
