1 күн бұрын

Жолдас Жеңісов Гран-при турниріндегі алғашқы қарсыласын сұлатып түсірді

Жолдас Жеңісов Гран-при турниріндегі алғашқы қарсыласын сұлатып түсірді

Фото: instagram/zholdaszhenisov

Қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері Жолдас Жеңісов WBC мен Турки Әл аш-Шейх бірігіп ұйымдастырып жатқан тарихи гран-при турнирін жеңіспен бастады.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан бокс кешінде Жолдас Жеңісов (9-0-0, 4 КО) алғашқы жекпе-жегін мансабында жеңіліп көрмеген испаниялық боксшы Эльязид Эззайданиға (6-1-0, 4 КО) қарсы өткізді.

Жартылай жеңіл салмақтағы 1/16 финал аясында өткен айқас алғашында алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокдаунға түсіріп, техникалық нокаут арқылы жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша Жеңісов кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, Эззайдани мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Енді Жолдас 1/8 финалда жеңілістің кермек дәмін татпаған өзбекстандық боксшы Аюбхон Бахтиоровпен (7-0-0, 5 КО) қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, әлемнің үздік 64 боксшысы бақ сынап жатқан дүбірлі доданың бас жүлдесі 1 миллион долларды құрайды.

Елдос Сайдалин: бокстан Үндістанның адалдығына күмәнмен қараймын

Бокс

Елдос Сайдалин: бокстан Үндістанның адалдығына күмәнмен қараймын

Елдос Жұмақанов: дзюдодағы шетелдік маманға күмәнім бар

Дзюдо

Елдос Жұмақанов: дзюдодағы шетелдік маманға күмәнім бар

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Футбол

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Сергей Ковалев кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін жарқын жеңіспен аяқтады

Бокс

Сергей Ковалев кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін жарқын жеңіспен аяқтады

УЕФА президенті Александер Чеферин Қазақстанға ресми сапармен келеді

Футбол 30 минут бұрын

УЕФА президенті Александер Чеферин Қазақстанға ресми сапармен келеді

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Жеңіл атлетика 34 минут бұрын

Усэйн Болттың рекорды бұзылды