1 күн бұрын
Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралады?

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) арасындағы чемпиондық жекпе-жек шілде айына жоспарлануы мүмкін, деп жазады Sport12.kz, подкастер Broadway Joel-дің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Broadway Joel мәліметінше, қос тарап жекпе-жекті өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл жекпе-жек орта салмақтағы үш бірдей белбеудің тағдырын шешуі ықтимал.
Айта кетейік, қос боксшы да жақында ғана рингке шыққан болатын. Адамес 22 ақпанда Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 KO) тең түссе, «Қазақ стилі» лақап атымен танымал Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңген еді.
