1 күн бұрын
Коротков турнирі: Жартылай финалда тоғыз боксшымыз жұдырықтасады

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Бүгін, 18 сәуір Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің төртінші жарыс күні.
Бұл күні еліміздің намысын жартылай финалда тоғыз боксшы қорғайды.
Ерлер:
- 48 кг. Теміртас Жүсіпов – Ганг Чай (КХДР)
- 54 кг. Сәкен Бибосынов – Фаресбек Дусматов (Өзбекстан)
- 63.5 кг. Жандос Қадырәліев – Мадаминов Абдуллох (Өзбекстан)
- 67 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Козореезов Егор (Ресей)
- 92 кг. Сағындық Тоғамбай – Бақыт Токтосун Уулу (Қырғызстан)
Әйелдер:
- 50 кг. Гүлнар Тұрапбай – Ганиева Гулсевар (Өзбекстан)
- 57 кг. Айдана Забынбекова – Маможонова Хуморабаку (Өзбекстан)
- 60 кг. Римма Волосенко – Тагирова Рашида (Өзбекстан)
- 66 кг. Аружан Жанабаева – Ұлдана Таубай (екеуі де – Қазақстан)
Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен сағат 11:00-де басталады.
Айта кетейік, 16-шы рет ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсеке 20 сәуірге дейін жалғасады.
