18.04.2025

Ресейдегі турнирде Ұлдана Таубай финалға шықты

Ресейдегі турнирде Ұлдана Таубай финалға шықты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Хабаровск қаласында (Ресей) өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде Ұлдана Таубай (66 келі) финалға өтті. 

Ол жартылай финалда қазақстандық тағы бір боксшы Аружан Жаңабаевамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек 4:1 есебімен Ұлдананың басымдығымен аяқталып, ол финалға өтті. 

Ал Аружан турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Ұлдана ақтық сында Сун Хуангпен (Солтүстік Корея) күш байқасады.

Айта кетейік, халықаралық турнир биыл он алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсеке 20 сәуірге дейін жалғасады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас