1 күн бұрын
Сәкен Бибосынов жарақатынан кейін Ресейдегі турнирдің финалына шықты

Фото: kfb.kz
Қазақстандық Сәкен Бибосынов (54 келі) Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Константин Коротковты еске алуға турнирде финалға шықты.
Жартылай финалда ол өзбекстандық Фариезбек Дусматовты 5:0 есебімен қапы қалдырды. Оның финалдағы қарсыласы - ресейлік Денис Палшин.
Айта кетсек, Сәкен жарақаттан кейін шаршы алаңға қайта оралып отыр.
Сәкен Бибосынов 1992 жылы дүниеге келген. әлем чемпионатында 2021 жылы алтын алса, 2019 жылы қола жүлдегер болды.
2020 жылы Токио Олимпиадасында үздік үштіктен көрінді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлдана Таубай (66 келі) финалға өтті.
