21 сағат бұрын

Коротков турнирі: Қазақстан әйелдер құрамасы алтынсыз қалды

Коротков турнирі: Қазақстан әйелдер құрамасы алтынсыз қалды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ресейдің Хабаровск қаласында өткен Константин Коротковты еске алу турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы үш күміс және екі қола медальмен шектелді.

Бүгін шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз да финалда қарсыластарына жол беріп, алтын жүлдеге қол жеткізе алмады. 57 келіде бақ сынаған Айдана Забынбекова Солтүстік Кореяның өкілі Сок Хен Куға 0:5 есебімен есе жіберсе, 60 келідегі Римма Волосенко ресейлік Ирина Автинаға төрешілердің екіге бөлінген шешімімен (2:3) жол берді. Ал 66 келі салмақта жұдырықтасқан Ұлдана Таубай тағы бір солтүстіккореялық боксшы Су Хе Хоангқа 0:5 есебімен ұтылды.

Бұған дейін жартылай финалда жеңілген Гүлнар Тұрапбай (50 келі) мен Аружан Жаңабаева (66 келі) турнирді қола жүлдемен аяқтаған болатын.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы 16-рет ұйымдастырылған беделді турнирді 3 күміс пен 2 қола медальмен қорытындылады.

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде топ жарды

Теннис

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде топ жарды

OCTAGON 71: Аян Тұрсын сенсациялық жеңіліске ұшырады

ММА/UFC 2 минут бұрын

OCTAGON 71: Аян Тұрсын сенсациялық жеңіліске ұшырады

Футболдан ұлттық құраманың келесі жұлдызы кім болады?

Футбол 10 сағат бұрын

Футболдан ұлттық құраманың келесі жұлдызы кім болады?

Қандай Әлем, қандай Еуропа чемпионаты? - Самат Смаков төрешілерге наразылығын білдірді

Футбол 10 сағат бұрын

Қандай Әлем, қандай Еуропа чемпионаты? - Самат Смаков төрешілерге наразылығын білдірді

Бактиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапында қашан доп тебеді?

Футбол 10 сағат бұрын

Бактиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапында қашан доп тебеді?

Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары қай жерде ойнайды?

Футбол 10 сағат бұрын

Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары қай жерде ойнайды?