Садриддин Ахмедовтың АҚШ-тағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (16-0-1, 13 KO) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Садриддиннің қарсыласы мексикалық боксшы Элиас Эспадас (23-7-1, 16 KO) болды. Бірінші орта салмақта өткен бұл кездесу он раундқа жоспарланған еді. Тартысты өткен жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.
Осылайша, Ахмедов кәсіби мансабында алғаш рет тең нәтиже тіркеді.
Айта кетейік, бұл — Садриддин Ахмедовтың 2025 жылғы алғашқы жекпе-жегі. 2024 жылы ол екі кездесу өткізіп, екеуін де уақытынан бұрын аяқтаған еді.
