11 сағат бұрын
Махат Төреәлі Абай облыстық бокс федерациясының президенті қызметіне келді

Махат Төреәлі Абай облыстық бокс федерациясының президенті болды.
Бұл жөнінде ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаздыү
– Бұл – мен үшін зор құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік. Қазақ боксының жаңа буынын тәрбиелеу, өңірлік спортты дамыту және халықаралық деңгейде жарқырата көрсету – алдағы басты міндеттеріміз.
Осы сенімді маған білдірген Берік Уәлиұлына алғысымды білдіремін. Бұл қолдау – мен үшін сенім ғана емес, алға қойған мақсаттарға бірге жетудің кепілі.
Жеңіске жетелейтін "бірлік, табандылық пен әділдік" қағидаларын ту етіп, Абай облысының боксын жаңа биіктерге шығарамыз деп сенемін, – деді ол.
