20.04.2025
Ангелина Лукас - абсолютті әлем чемпиондығына басты үміткер
Кәсіби бокстан Қазақстан намысын қорғап жүрген Ангелина Лукас Boxrec.com сайтының жаңартылған рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Sport12.kz.
28 жастағы спортшы әйелдер арасындағы жеңіл салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте үшінші орыннан екінші орынға көтерілді. Осылайша, Лукас енді бұл салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке басты үміткер атанды.
Аталған салмақ дәрежесінде абсолютті чемпион атағы қазіргі таңда АҚШ боксшысы, 23 жастағы Габриэла Фундораға (15 жеңіс, 0 жеңіліс, 7 нокаут) тиесілі. Ол WBA, WBC, WBO және IBF сынды беделді ұйымдардың чемпиондық белбеулеріне ие.
Бұған дейін әйгілі промоутер, Golden Boy Promotions компаниясының президенті Оскар де ла Хойя Габриэла Фундора туралы пікір білдірген болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов