Бекзат Саттархановтың бапкері шәкіртімен болған соңғы әңгімесін айтып берді

Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Тұрсынғали Еділов 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, шәкірті Бекзат Саттархановпен болған соңғы әңгімесін айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
– Ол маған хабарласты да "Жаттығуды қашан бастаймыз? Облыс аралаудан жалығып кеттім. Бокс залын сағындым, тезірек жаттығуға кірісейік",– деді. Бұл 2000 жылдың 20 желтоқсанында болған әңгіме. Ол кезде Олимпиада чемпиондарына жарнама мен бокстың танымалдылығын арттыру үшін ел аймақтарын аралауы міндеттелген еді, – деді Тұрсынғали Еділов Sport+ Youtube-арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов 2000 жылдың 31 желтоқсанында жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болды.
