33 минут бұрын

Данияр Елеусінов аңызға айналған бапкермен жаттығады

Данияр Елеусінов аңызға айналған бапкермен жаттығады

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өзінің жаңа жаттықтырушысымен түскен суретті Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Жаттықтырушымен таныстым және дайындықты бастадым», — деп жазды Елеусінов бокс залындағы суретке. Фотода оның қасында тұрған бапкер қазақтың ұлттық киімін киген.

Елеусіновтің жаңа бапкері — америкалық атақты маман Томас Янкелло. Ол 2008 жылы Ring журналының нұсқасы бойынша әлемнің үздік бес жаттықтырушысының қатарына енген. Бұған дейін ол әйгілі Рой Джонс-кіші мен басқа да чемпиондармен жұмыс істеген. Қазақстандық боксшылардың арасынан Иван Дычконы жаттықтырған.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясынан келген промоутерлер құрған жаңа лиганың келісімшартына қол қойған болатын. Қазір ол өзінің дебютіне қызу дайындалып жатыр.

Қазақстандық футболшы еуропалық клубпен трофей жеңіп алу мүмкіндігін иеленді

Футбол

Қазақстандық футболшы еуропалық клубпен трофей жеңіп алу мүмкіндігін иеленді

Самат Смақов Аңыздар матчына қатыспайды

Футбол 11 минут бұрын

Самат Смақов Аңыздар матчына қатыспайды

Данияр Елеусінов аңызға айналған бапкермен жаттығады

Бокс 33 минут бұрын

Данияр Елеусінов аңызға айналған бапкермен жаттығады

Бекзат Саттархановтың бапкері шәкіртімен болған соңғы әңгімесін айтып берді

Бокс 1 сағат бұрын

Бекзат Саттархановтың бапкері шәкіртімен болған соңғы әңгімесін айтып берді

“Ақтөбенің” қақпашылар бапкері қызметінен кетті

Футбол 1 сағат бұрын

“Ақтөбенің” қақпашылар бапкері қызметінен кетті

Асланбек Шымбергенов: Париж Олимпиадасында жеңілетінімді ішім сезді

Бокс 1 сағат бұрын

Асланбек Шымбергенов: Париж Олимпиадасында жеңілетінімді ішім сезді