6 сағат бұрын
Атақты британдық боксшы Жәнібек Әлімханұлына тәнті болды

Олимпиада-2004 ойындарының күміс жүлдегері, бұрынғы әлем чемпионы, Ұлыбританиялық боксшы Амир Хан қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының мансабы жайлы пікір білдіріп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге қарсы соңғы жекпе-жегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Sport12.kz
5 сәуір күні Астанада өткен жекпе-жекте орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, титулдарын сәтті қорғап қалды.
— Жәнібек — өте мықты боксшы. Рингтегі қимылы, өзіне деген сенімі ұнайды. Оның бойында үлкен күш бар. Мен оны құрметтеймін. Кеше сауда орталығында кофе ішіп отырып, жолыққан едік. Меніңше, оны жарқын болашақ күтіп тұр. Себебі, ол өте күшті, тәртіпті әрі жинақы. Соңғы жекпе-жегіне келсек — қарсыласын «бір-екі соққымен» нокаутқа жіберді, — деді Амир Хан Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.
Жәнібек Әлімханұлының бұл жеңісі әлемдік бокс сахнасындағы беделін одан әрі арттыра түсті.
