30.04.2025
Баходир Жалолов әлем чемпионы Александр Усикпен жұдырықтаса ма?
Аса ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов украиналық чемпион Александр Усикпен кездесу өткізуді армандағанымен, бұл жекпе-жек орындалмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұған дейін Александр Усик кәсіби бокста екі жекпе-жектен кейін мансабын аяқтайтынын мәлімдеген. Оның алғашқысы — британдық Дэниел Дюбуаға қарсы кездесу 19 шілдеде Лондонда өтеді. Ал соңғы қарсылас ретінде Усиктің таңдауы Энтони Джошуа мен Тайсон Фьюриге түсуі ықтимал. Осылайша, украиналық чемпион Жалоловқа рингке шығуға мүмкіндік бермей отыр.
Айта кетейік, 5 сәуір күні Астанада Баходир Жалолов 2023 жылдан бергі алғашқы кәсіби жекпе-жегін өткізді. Ол украиналық Игорь Шевадзутскиймен кездесіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов