8 сағат бұрын
Сауль Альвареске Головкинмен қайта шығуды талап етті

Мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альварестің (62-2-2, 39 КО) жанкүйерлері оның келесі қарсыластарының тізімін жасады, деп хабарлайды Sport12.kz
Жанкүйерлердің көпшілігі Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) төртінші жекпе-жекті көргісі келетінін айтқан.
Айта кетейік, 4 мамырға қараған түні Сауль Альварес кезекті жекпе-жегін өткізіп, әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін таласады. Оның қарсыласы – IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы кубалық Уильям Скулл (23-0, 9 KO). Алайда, мексикалықтың фанаттары оның мықтырақ боксшылармен жұдырықтасқанын талап етіп отыр.
«Жанкүйерлер Канелоның Дэвид Бенавидеспен, Дмитрий Биволмен немесе Геннадий Головкинмен жұдырықтасуын қалап отыр. Бірақ, Сауль Альварес бұлардың ешбірін таңдамай, кубалықпен жұдырықтасуды жөн көрген», - деп жазады bolavip.com сайты.
