14 сағат бұрын

Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері қайтыс болды

Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері қайтыс болды

Фото: GGG Team

Бокстан бұрынғы Әлем чемпионы, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев 71 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Виктор Дмитриев 1953 жылдың 26 шілдесінде дүниеге келген. Ғұмырының 40 жылға жуық уақытын шәкірт тәрбиелеуге арнаған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері 10-нан аса спорт шебері мен 20-ға жуық спорт шебері атағына үміткерге тәлімгерлік еткен. Шәкірттерінің арасында бокстан бұрынғы Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) бар.

Головкин алғашқы бапкерінің қазасына байланысты көңіл айтты:

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпидалық комитеті ұжымының атынан және жеке өз атымнан орны толмас ауыр қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – бүкіл спорт қауымдастығы үшін ғана емес, оның шәкірті ретінде мен үшін де ауыр қаза. Виктор Константинович тек үздік жаттықтырушы ғана емес, нағыз тәлімгер, ұстаз, үлгі болатын жан еді. Оның спортқа деген адалдығы, кәсібилігі және әрбір спортшыға ерекше көзқараспен қарай білуі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ол Қазақстандағы бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосып, тұтас бір дарынды спортшылар буынын тәрбиелеп шығарды. Орын толмас ауыр қазаға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады, – деді Геннадий Головкин.
Астанадағы турнирде Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Беларусьпен кездеседі

Хоккей 10 минут бұрын

Астанадағы турнирде Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Беларусьпен кездеседі

ҚПЛ: Бүгін ел біріншілігінде жетінші тур ойындары басталады

Футбол 24 минут бұрын

ҚПЛ: Бүгін ел біріншілігінде жетінші тур ойындары басталады

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» финалға жолдама алды

Футзал 9 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» финалға жолдама алды

Бірінші лиганың 4-тур ойындары қалай өтті?

Футбол 9 сағат бұрын

Бірінші лиганың 4-тур ойындары қалай өтті?

Чемпиондар лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Қайрат» пен «Картахена» тең ойнап жатыр

Футзал 10 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Қайрат» пен «Картахена» тең ойнап жатыр

«Каспий» Бірінші лигада жеке дара көш бастады

Футбол 11 сағат бұрын

«Каспий» Бірінші лигада жеке дара көш бастады