13 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта WBO рейтингінің бірінші сатысында тұрған британдық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 KO) WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Еске салайық, 2022 жылдың қарашасында Бентли мен Әлімханұлы жекпе-жек өткізген еді. Ол кездесуде төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен Жәнібек жеңіске жеткен болатын. Содан бері Бентли бірнеше рет қайта жұдырықтасуға ниетті екенін білдіріп келген. Енді ол нақты ұсыныс айтып отыр. Реваншты 19 шілде күні Лондонда, әйгілі «Уэмбли» стадионында өтетін Александр Усик пен Даниэль Дюбуа арасындағы екінші жекпе-жек аясында ұйымдастыруды қалайды.

— Ендігі шешім WBO ұйымына байланысты. Олар мені міндетті қарсылас ретінде бекітсе немесе Queensberry промоутерлік компаниясы Жәнібекпен келіссөз жүргізсе, ол жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып үлгеретін еді. Өйткені ол жай ғана чемпион емес, бірнеше белбеуді біріктірген әлем чемпионы. Сондықтан келіссөзді қазірден бастау қажет, — деді Бентли.

Сондай-ақ британ боксшысы қазақстандық қарсыласының жақсы формада екенін атап өтті:

— Ол сәуірде жекпе-жек өткізді. Демек, ұзақ үзіліс алған жоқ. Меніңше, ең үлкен қиындығы – салмақ қуу болған. Сол туралы естідім. Бірақ жалпы алғанда, ол жақсы жұдырықтасты.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингте ең жоғары көрсеткішке жетті

Теннис 2 сағат бұрын

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингте ең жоғары көрсеткішке жетті

ҚПЛ: «Атырау» сегізінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты

Футбол 2 сағат бұрын

ҚПЛ: «Атырау» сегізінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты

Астанада өткен хоккей турнирінде Беларусь чемпион атанды

Хоккей 3 сағат бұрын

Астанада өткен хоккей турнирінде Беларусь чемпион атанды

Артем Дзюба келесі маусымда қайда ойнайтынын анықтады

Футбол 3 сағат бұрын

Артем Дзюба келесі маусымда қайда ойнайтынын анықтады

Даңқты боксшы Мэнни Пакьяо кәсіби рингке оралады

Бокс 4 сағат бұрын

Даңқты боксшы Мэнни Пакьяо кәсіби рингке оралады

Елена Рыбакина бақ сынайтын келесі турнир анықталды

Теннис 5 сағат бұрын

Елена Рыбакина бақ сынайтын келесі турнир анықталды