12 сағат бұрын
Жұлдызды боксшы Райан Гарсия күтпеген жерден есе жіберді

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Times Square алаңында өткен бокс кешінде жартылай орта салмақтағы (66,7 келіге дейін) WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл титул үшін аталған салмақ дәрежесіндегі дебюттық жекпе-жегін өткізген америкалық екі жұлдыз — Райан Гарсия (24 жеңіс, 2 жеңіліс, 20 нокаут) мен Роландо Ромеро (17 жеңіс, 2 жеңіліс, 13 нокаут) жұдырықтасты. Екеуі де бұған дейін басқа салмақтарда өнер көрсеткен.
Кездесу 12 раундқа созылып, төрешілер бірауыздан жеңісті Ромероға берді. Қорытынды есеп: 115–112, 115–112 және 118–109.
Осылайша, Роландо Ромеро жартылай орта салмақта WBA Regular белбеуінің иегері атанды. Бұл нәтиже жанкүйерлер мен сарапшылар үшін белгілі бір деңгейде сенсация ретінде бағаланып отыр.
