7 сағат бұрын
Сауль Альварес тағы да абсолютті әлем чемпионы атанды

Кәсіпқой бокстан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен бокс кешінде WBA Super, WBC, WBO тұжырымдары бойынша 2-ші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес (62-2-2, 39 KO) IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Вильям Скуллдан (23-1, 9 КО) басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Сауль Альварес 12 раунд бойы қысым жасап, алға ұмтылумен болды. Өз кезегінде кубалық боксшы ұдайы қашып, тек қолының ұзындығы мен қарымта шабуылдарға иек артты. Салдарынан жекпе-жек барысында ашық айқасқа куә бола алмай, Сауль Альварес наразылығын білдірді.
СОҚҚЫЛАР СТАТИСТИКАСЫ:
Сауль Альварес — 152 соққы жұмсап, 56 рет дәл тигізді.
Вильям Скулл — 293 соққы жұмсап, 55 рет дәл тигізді.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 115-113, 116-112, 119-109 есебімен жеңісті Сауль Альвареске берді.
Енді Сауль Альварес күзде жеңілістің дәмін татпаған америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 KO) айқасады
