4 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына кірді

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына кірді

Boxingscene.com сайтының журналисі Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі ең жақсы боксшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Оған WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) енгізілді. Қазақстандық былғары қолғап шебері 20-орынға жайғасты.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанса, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

2015 жылдан бері кәсіпқой бокста 17 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен.

Эдвардс өзінің P4P рейтингінің көшбасшысы ретінде американдық боксшы Теренс Кроуфордты таңдады (41-0, 31 КО). Сондай-ақ, үздік бестікке украиндық Александр Усик (23-0, 14 КО), жапондық Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО) және ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) және Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) кірді. Әлемдік бокстың бет-бейнесі саналып жүрген мексикалық Сауль Канело Альвареске (62-2-2, 39 КО) сарапшы рейтингінде тек сегізінші орынды місе тұтты. 


Қазақстандық зілтемірші Әлем чемпионатында қола алды

Басқа 59 минут бұрын

Қазақстандық зілтемірші Әлем чемпионатында қола алды

Қазақстандық Олимпиада чемпионы елге оралады

Дзюдо 2 сағат бұрын

Қазақстандық Олимпиада чемпионы елге оралады

Рафаэль Уразбахтин: «Біз «Ұлытаумен» кездесуде «Қайсардағы» қателікті қайталамауға тырыстық»

Футбол 2 сағат бұрын

Рафаэль Уразбахтин: «Біз «Ұлытаумен» кездесуде «Қайсардағы» қателікті қайталамауға тырыстық»

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» төртінші мәрте финалға шықты

Футзал 2 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» төртінші мәрте финалға шықты

Грекиядағы халықаралық турнирде Әділбек Мусин чемпион атанды

Басқа 2 сағат бұрын

Грекиядағы халықаралық турнирде Әділбек Мусин чемпион атанды

Қазақстандық тағы бір маман төреші мансабын аяқтады

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстандық тағы бір маман төреші мансабын аяқтады