05.05.2025

Уильям Скуллды жеңген Сауль Алварес қанша табыс тапты?

Уильям Скуллды жеңген Сауль Алварес қанша табыс тапты?

Фото: Steve Marcus/Getty Images

Кеше, Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өткен кәсіпқой бокс кешінде мексикалық Сауль Альварес (62-2-2, 39 KO) кубалық Уильям Скуллдан (23-1, 9 КО) басым түсіп, екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын қорғап қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек толық 12 раундқа ұласты. Нәтижесінде Сауль Альварес төрешілердің бірауыздан берген шешімі (115-113, 116-112, 119-109) бойынша жеңіске жетті.

Испаниялық Marca газетінің мәліметінше, «Канело» бұл жеңісі үшін 800 миллион доллар пайда тапты. Скуллмен өткен текетірес Альварестің мансабындағы ең табысты жекпе-жектердің бірі болып саналады.

Енді 34 жастағы Сауль Альварес 12 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өзінің чемпиондық белбеулерін төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы америкалық Теренс Кроуфордқа (41-0, 30 КО) қарсы қорғайды.

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында Мажарстанға есе жіберді

Хоккей 3 сағат бұрын

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында Мажарстанға есе жіберді

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді

Футбол 4 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді

Пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бес медаль алды

Дзюдо 5 сағат бұрын

Пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бес медаль алды

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

ММА/UFC 6 сағат бұрын

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Басқа 7 сағат бұрын

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Дзюдо 8 сағат бұрын

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды