5 сағат бұрын

Мейірім Нұрсұлтанов: Жәнібек Әлімханұлын жеңгенмін

Мейірім Нұрсұлтанов: Жәнібек Әлімханұлын жеңгенмін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов өзінің әуесқойлар арасындағы мансабында қазіргі WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен болған кездесуін еске алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

— 2009 жылы біз Жәнібекпен Петропавлда өткен әуесқой турнирде кездескенбіз. Бұл жасөспірімдер арасындағы жарыс болатын. Сол кезде мен оны жеңдім. Қателеспесем, бұл Кәміл Сафинді еске алуға арналған турнир еді. Қазір бұл турнир өтеді ме, жоқ па – білмеймін. Біз 63 келі салмақ бойынша алғашқы айналымда шыққан едік, — деді Мейірім Нұрсұлтанов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Мейірім Нұрсұлтанов (20 жеңіс, 11 нокаут) WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең) жекпе-жек өткізуге міндетті үміткер болып тағайындалған. Бұған дейін ол Жәнібек Әлімханұлымен (17 жеңіс, 12 нокаут) чемпиондық жекпе-жекке де дайын екенін мәлімдеген болатын.

Футболдан әлем чемпионы өмірден озды

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан әлем чемпионы өмірден озды

IJF рейтингі жаңарды: Әбиба Әбужақынова үздік үштіктің қатарында

Дзюдо 3 сағат бұрын

IJF рейтингі жаңарды: Әбиба Әбужақынова үздік үштіктің қатарында

Еліміздегі ең танымал спорт түрлері анықталды

Басқа 4 сағат бұрын

Еліміздегі ең танымал спорт түрлері анықталды

Белал Мухаммад келесі жекпе-жегінде кіммен шығатынын айтты

ММА/UFC 4 сағат бұрын

Белал Мухаммад келесі жекпе-жегінде кіммен шығатынын айтты

Мейірім Нұрсұлтанов: Жәнібек Әлімханұлын жеңгенмін

Бокс 5 сағат бұрын

Мейірім Нұрсұлтанов: Жәнібек Әлімханұлын жеңгенмін

Еліміздегі ең кедей хоккей клубтары анықталды

Хоккей 5 сағат бұрын

Еліміздегі ең кедей хоккей клубтары анықталды