5 сағат бұрын
Өзбекстан World Boxing турниріне мықты құрамын апарады

10 мамырда Польша астанасы Варшавада Феликс Штаммды еске алуға арналған халықаралық бокстан турнир басталады, деп хабарлайды Sport12.kz
Осы беделді жарысқа Өзбекстан ұлттық құрамасы үздік спортшыларын апарады.
Ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлері:
- 55 келі: Миразизбек Мирзахалилов (2019 жылғы әлем чемпионы)
- 60 келі: Самандар Олимов
- 65 келі: Асадхужа Муйдинхужаев (Париж Олимпиадасының чемпионы)
- 70 келі: Гофур Тохиров
- 75 келі: Фазлиддин Эркинбоев
- 80 келі: Джавахир Умматалиев
- 85 келі: Акмалжон Исроилов
- 92 келіден жоғары: Жахонгир Зокиров
- 57 келі (әйелдер): Хуморабону Мамажонова
Айта кетейік, турнир 10–17 мамыр аралығында өтеді.
