5 сағат бұрын
Абай облысы бокс федерациясына атқарушы директор тағайындалды

Фото: Абай облысы бокс федерациясы
Бүгін Абай облысы бокс федерациясының президенті Махат Төрәлі басшылық құрамда бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Атап айтқанда, федерацияның атқарушы директоры лауазымына бокстан әлем чемпионатының жүлдегері, бірнеше дүркін Азия және ел чемпионы Жақсылық Илясов тағайындалды.
Сондай-ақ, федерацияның хатшысы ретінде қоғам белсендісі, заңгер, спорт жанашыры Нұрсұлтан Орынбеков қызмет атқаратын болады.
Жиын соңында Махат Төрәлі жаңа қызметкерлерге сәттілік тілеп, федерацияның ресми төсбелгісін табыстады.
