1 күн бұрын
Нұрислам Қалдыбаев бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатын сәтті бастады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан Азия чемпионаты жалауын көтерді, деп хабарлйды Sport12.kz.
60 кг дейінгі салмақта сынға түсетін Нұрислам Қалдыбаев U-22 Азия чемпионатын жарқын жеңіспен бастады. Ол бірінші жекпе-жегінің екінші раундында Непалдан келген боксшы Вангди Шерпты екі рет есеңгіретіп (нокдаун) алды.
Жартылай финалға шығу үшін Нұрислам IBA бейтарап командасының өкілі Ахмад Мұхаммедпен күш сынасады.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы U-22 Азия чемпионы алғашқы айқасында Гүлнар Тұрапбай Сауд Арабиясының спортшысы Яра Аламридің еш қиындықсыз осал тұсын тапты.
Елдос Сайдалиннің шәкірті өз мәнерінде қарсыласынан айласын асырды. Енді жартылай финалда Гүлнарды Моңғолиядан келген боксшы күтіп тұр.
Ал Кенже Мұратұлы (54 кг) 22 жасқа дейінгі санаттағы Азия чемпионатындағы алғашқы айқасында Зафарбек Камиловтан (Қырғызстан) ұтылып қалды.
Жекпе-жек 3 раундқа созылып, қарсылас төрешілердің басым ұпайымен келесі кезеңге шықты.
