5 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Әлеуметтік желідегі Brunch Boxing аккаунты орта салмақтағы әлем чемпиондары – қазақстандық WBO/IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы мен доминикандық WBC чемпионы Карлос Адамес арасындағы біріктіру жекпе-жегі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Соңғы күндері бұл жекпе-жек 19 шілдеде Лас-Вегаста өтеді деген ақпарат тараған болатын. Бұған қоса, кездесудің PBC промоутерлік ұйымы ұйымдастыратын кард аясында, аты аңызға айналған Мэнни Пакьяоның Марио Барриоспен айқасатын кешінде өтуі мүмкін екені айтылған.
Алайда Brunch Boxing бұл мәліметті жоққа шығарды:
«Карлос Адамес пен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы біріктіру жекпе-жегінің 19 шілдеде өтетін Пакьяо – Барриос кешінде ұйымдастырылуы екіталай. Егер бұл жекпе-жек өтетін болса, тамыз айында өтуі ықтимал», – деп жазды Brunch Boxing дереккөздерге сілтеме жасап.
