1 күн бұрын

«Челси» – 2024/25 жылғы Конференция лигасының жеңімпазы

«Челси» – 2024/25 жылғы Конференция лигасының жеңімпазы

Фото: Getty Images

Бүгін, 28 мамырдан 29 мамырға қараған түні футболдан UEFA Конференця лигасының финалы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Польшаның Вроцлав қаласындағы «Тарчиньски Арена» стадионында өткен финалда «Бетис» (Испания) пен «Челси» (Англия) командалары кездесті.

Финалдық матчта алғашқы голды испаниялық команданың шабуылшысы Абде соқты. Исконың пасын сәтті пайдаланған марокколық ойыншы бірінші таймның 9-шы минутында ерекшеленді. Бірінші таймда 1:0 есебімен Пеллегрини шәкірттері жеңіске жетті.

Ал екінші таймда Энцо Мареска шәкірттері есепті өзгертуге тырысты. 65-шы минутта есепті теңестірген лондондықтар араға бес минут салып есепте алға шықты. Алғашқы голды аргентиналық жартылай қорғаушы Энцо Фернандес соқса, екінші голды Николас Джексон соқты. Екі голға да нәтижелі пасты Коул Палмер шығарып бергенін айта кеткен жөн. Лондондықтар бұнымен тоқтамай, 83-ші минутта тағы гол соқты. Бұл жолы ағылшындық шабуылшы Джейдон Санчо көзге түсті. Матчтағы соңғы голды 91-ші минутта Кайседо соқты. Осылайша ағылшындық клуб 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл матчта тіркелген ерекше нәтиже – «Челси» әлемдік футбол тарихында алғаш рет үш еурокубокта топ жарған алғашқы клуб атанды.

Лондондық клуб бұған дейін 2012, 2021 жылдарда Чемпиондар лигасын жеңіп алса, 2013, 2019 жылдарда Еуропа лигасында жеңімпаз болған. 

Жалпы алсақ, Конференция лигасы турнирі 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Рома» (Италия), «Олимпиакос» (Грекия) командалары бір-бірден кубокты иеленді.

Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады

Теннис 11 сағат бұрын

Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады

Freedom QJ League: «Ордабасы» U-16 бапкері туралы деректі фильм көрерменге жол тартты

QJ League 13 сағат бұрын

Freedom QJ League: «Ордабасы» U-16 бапкері туралы деректі фильм көрерменге жол тартты

Ташкенттегі WTT Youth Contender турнирі: қазақстандықтардың аралық нәтижесі

Футбол 13 сағат бұрын

Ташкенттегі WTT Youth Contender турнирі: қазақстандықтардың аралық нәтижесі

Беларусь пен Қазақстан матчы басқа стадионға ауыстырылды

Футбол 14 сағат бұрын

Беларусь пен Қазақстан матчы басқа стадионға ауыстырылды

Дулат Бекбауов Тайландтағы турнирдің қола жүлдегері атанды

Бокс 14 сағат бұрын

Дулат Бекбауов Тайландтағы турнирдің қола жүлдегері атанды

Алматы облысы бокс федерациясына жаңа президент сайланды

Бокс 15 сағат бұрын

Алматы облысы бокс федерациясына жаңа президент сайланды