1 күн бұрын
Ташкенттегі WTT Youth Contender турнирі: қазақстандықтардың аралық нәтижесі

Фото: ҰОК
Ташкент қаласында үстел теннисінен халықаралық WTT Youth Contender Tashkent турнирі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz ақпараттық агенттігі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған Аустралия, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан спортшылары қатысуда.
Жүлделер 19, 17, 15, 13 және 11 жасқа дейінгі жас санаттарында сарапқа салынады.
Алғашқы жарыс күнінде қазақстандықтардың нәтижесі төмендегідей:
17 жас, жасөспірімдер
19 спортшы бақ сынады. Олардың арасынан Бақдәулет Сауырбай 1/8 финалға дейін жетті.
17 жас, қыздар.
14 теннисшінің ішінен Виктория Мочалкина ширек финалға шықты.
13 жас, жігіттер.
14 теннисшінің арасынан Нұрдәулет Азаматұлы, Дулат Ералхан, Николай Чернозубов, Андрей Мочалкин және Олег Яковлев 1/8 финалда ойнайды.
13 жас, қыздар.
Алты спортшының ішінде Жәния Бекмұхамбетова, Хадиша Әлжанова, Назерке Болатбек, Шодиёна Камилжанова және Шохина Миркодирова 1/8 финалда сынға түседі.
