1 күн бұрын
Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінде сенімді жеңіске жетті

Фото: Adam Pretty / Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/16 финалында Рыбакина (WTA: 12) латвиялық Елена Остапенконы (WTA: 21) қапы қалдырды.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 6 эйс пен 5 брейк жасап, 4 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:2, 6:2) есебімен басым түсті.
Енді Рыбакина келесі кезеңде польшалық Ига Швентекпен (WTA: 5) шеберлік байқасады.
Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 56 352 млн еуроны құрайды. Ал Елена үшінші айналымға жолдама алғаны үшін 265 000 еуро сыйақыға ие болды.
