1 күн бұрын

ҚПЛ: «Астана» қарсыластарынан ұзай түсті

ҚПЛ: «Астана» қарсыластарынан ұзай түсті

Фото: Kffleague.kz

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 11-турындағы үш ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Елордалық «Астана» сырт алаңда Семейдің «Елімай» командасын 2:0 есебімен жеңді. Ойын барысында олардың қатарынан Рамазан Кәрімов 32, Усман Камара 54-минутта мергендік танытты.

Семейлік клуб соңғы бес кездесуде небәрі бір мәрте жеңіске жетсе, астаналық команда қатарынан үшінші мәрте қарсыластарын қапы қалдырып отыр. Олар турнир кестесінде 27 ұпаймен бірінші орынға шықты.

Тағы бір кездесуде Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Атырауды» 5:0 есебімен сүріндірді. Қостанайлық клубтан Александр Зуев 14, Ислам Чесноков 16, Ахмед Эль-Мессауди 42, Роман Асранкулов 78, Жаслан Жұмашев 85-минутта гол соқты.

Осылайша атыраулық ұжым қатарынан он үшінші мәрте жеңіліп қалды.


Ал астаналық «Жеңіс» пен шымкенттік «Ордабасы» кездесуінде 2:2 есебі тіркелді. Елордалық команда сапынан Нұрбол Әнуарбеков 3, Аслан Әділ 38-минутта өз командасын алға шығарған еді. Дегенмен екінші кезеңде шымкенттік клуб сапынан Сергей Малый 71, Зикрилло Султаниязов 90-минутта екі гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. 


Нәтижесінде «Жеңіс» биыл жетінші мәрте тең түссе, «Ордабасы» екінші ойын қатарынан жеңістің кілтін таба алар емес. 

Дәл қазір «Ақтөбе» мен «Қайрат» (Алматы) кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.

Ертең, 31 мамырда «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Тұран» (Түркістан), «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.

«ПСЖ» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Футбол

«ПСЖ» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Жеңіл атлетика: Қазақстан жалпы есепте 4-орын алды

Жеңіл атлетика 10 сағат бұрын

Жеңіл атлетика: Қазақстан жалпы есепте 4-орын алды

Changan автокөлік бренд орталықтарында QJ League-ға футболшылар іріктелді

Футбол 10 сағат бұрын

Changan автокөлік бренд орталықтарында QJ League-ға футболшылар іріктелді

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

Теннис 10 сағат бұрын

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды

Футбол 12 сағат бұрын

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды

«Ұлытау» өз алаңында алғаш рет жеңіске жетті

Футбол 12 сағат бұрын

«Ұлытау» өз алаңында алғаш рет жеңіске жетті