1 күн бұрын

Дастан Сәтпаевтың голы «Қайратқа» жеңіс алып келді

Дастан Сәтпаевтың голы «Қайратқа» жеңіс алып келді

Фото: fckairat.com

 Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 11-турында алматылық «Қайрат» «Ақтөбеден» басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Екінші кезеңде «Ақтөбе» сапынан Аян Байдәулетов 50-минутта есеп ашып кетті. Одан кейін 70-минутта Дастан Сәтпаев қақпаны дәл көздеген еді. Дегенмен төреші оған дейін «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыко қарсыласын қолмен ұрып құлатты деген желеумен оны алаңнан қуды. Голды есепке алған жоқ.

Бір футболшының кем ойнағанына қарамастан алматылық клуб алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде 75-минутта Александр Мартынович таразы басын теңестірсе, 87-минутта Дастан Сәтпаев биылғы біріншіліктегі сегізінші голын соқты.

Осылайша «Қайрат» сырт алаңда қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде 26 ұпаймен екінші орынға көтерілді.


Сондай-ақ бүгін елордалық «Астана» сырт алаңда Семейдің «Елімай» командасын 2:0 есебімен жеңсе, Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Атырауды» 5:0 есебімен сүріндірді. 

Ал астаналық «Жеңіс» пен шымкенттік «Ордабасы» кездесуінде 2:2 есебі тіркелді.

Енді ертең, 31 мамырда «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Тұран» (Түркістан), «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.


«ПСЖ» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Футбол

«ПСЖ» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Жеңіл атлетика: Қазақстан жалпы есепте 4-орын алды

Жеңіл атлетика 11 сағат бұрын

Жеңіл атлетика: Қазақстан жалпы есепте 4-орын алды

Changan автокөлік бренд орталықтарында QJ League-ға футболшылар іріктелді

Футбол 11 сағат бұрын

Changan автокөлік бренд орталықтарында QJ League-ға футболшылар іріктелді

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

Теннис 11 сағат бұрын

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды

Футбол 13 сағат бұрын

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды

«Ұлытау» өз алаңында алғаш рет жеңіске жетті

Футбол 13 сағат бұрын

«Ұлытау» өз алаңында алғаш рет жеңіске жетті