1 күн бұрын
«Атырау» грузиялық қорғаушымен қоштасты

Фото: Атырау ФК
«Атырау» футбол клубы тағы бір футболшысымен қоштасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Мұнайшылар» қос тараптың мақұлдауы бойынша грузиялық қорғаушы Гиорги Гадранимен келісімшартты бұзды.
30 жастағы футболшы «Атырауға» осы маусымның басында қосылды. Клуб сапында 8 матчқа қатысып, 1 ассист жасады.
Батыстық клуб бұған дейін Матеус Барбоса, Микита Капленка, Гильерме Мораис және Евгений Козлов сынды ойыншылармен де қош айтысқан болатын.
Сонымен қатар Қуаныш Қабдолов өз еркімен «Атырау» футбол клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы қызметінен кеткен еді. Оның орнына 43 жастағы қазақстандық жаттықтырушы Денис Мамонов келді.
Клубтың директоры Дидар Сыдыкбектің айтуынша, Тони Силва Жоэль Каямба және Владислав Васильев жазда «Атырауға» келіп қосылады.
