15.04.2023
Нұрсұлтан Аманжолов кореялық боксшыны нокаутпен жеңді

Нұрсұлтан Аманжолов
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжолов кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізді.
Ол Инчхондағы (Оңтүстік Корея) бокс кеші аясында өнер көрсетіп, онда жергілікті боксшы Сук Хи Анмен кездесті. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын, бірақ үшінші раундта Аманжолов қарсыласын нокаутқа түсірді.
Аманжолов үшін бұл мансабындағы бесінші жеңіс және мерзімінен бұрын аяқталған төртінші жекпе-жек болды. Нұрсұлтанның қарсыласына келсек, ол үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен және екі рет ұтылды.
Еске салайық, Нұрсұлтан Аманжолов ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Александр Усиктің оқу-жаттығу жиындары кезінде спарринг серіктесі болған.
