1 күн бұрын

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды

Фото: Instagram: fctaraz.official

«Тараз-2012» және «Тараз-2013» командаларына «Jako» брендінің спорттық киімдер жиынтығы (жаттығу және ойын жейделері, спортивка, сөмке, т.б.) табысталды, деп хабарлайды Sport12.kz ақпараттық агенттігі «Тараз» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде 2012 жылы туған жасөспірімдер командасында 44 бала, ал 2013 жылы дүниеге келген жасөспірімдер командасында 35 бала бар.

Жалпы «Тараз» футбол орталығында жас ерекшелігіне байланысты 11 санатта командалар жаттығады. Оның үшеуі QJ League чемпионатына, басқалары ел біріншілігіне қатысуда. Сонымен қатар, екі қыздар командасы жұмыс жасайды.

Футбол клубының басшысы Мұрат Агибаев кезең-кезеңімен өзге санаттағы командалар да жаңа спорттық киімдер жиынтығымен қамтылатынын айтты.

Айта кетейік, футбол орталығын толық қамту үшін жалпы көлемі 60 млн теңге жұмсалды. Бұл сома клубқа тартылған инвестор есебінен жүргізілді.

Сонымен қатар, орталық жасөспірімдеріне арнайы спорттық дәрі-дәрмектер мен дәрумендер алынуда. Оған қажетті қаражат клуб серіктесі «Cambridge lain Taraz» жеке мектебінің есебінен болмақ. Осы үшін мекеме басшысы Нұрғали Амангелдиевке алғыс білдіреміз.

Бүгінде орталықта бас-аяғы 329 адам болса, оның ішінде 94 бала QJ League ойындарына қатысады. Ал қыздар саны – 36.

Стас Покатилов Әзербайжан клубы сапында Еуропа лигасында ойнай ма?

Футбол 6 сағат бұрын

Стас Покатилов Әзербайжан клубы сапында Еуропа лигасында ойнай ма?

Елена Рыбакина «Роллан Гаррос» турнирінде қанша пайда тапты?

Теннис 7 сағат бұрын

Елена Рыбакина «Роллан Гаррос» турнирінде қанша пайда тапты?

Артём Дзюба «Қайратқа» ауыспайды

Футбол 8 сағат бұрын

Артём Дзюба «Қайратқа» ауыспайды

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады

Теннис 8 сағат бұрын

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады

Рыбакина ширек финалға шыға алмады

Теннис 8 сағат бұрын

Рыбакина ширек финалға шыға алмады

Ақтөбеде жаңа стадионның құрылысы жақын уақытта басталады

Футбол 9 сағат бұрын

Ақтөбеде жаңа стадионның құрылысы жақын уақытта басталады