2 күн бұрын
«ПСЖ» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Фото: Getty Images
31 мамырдан 1 маусымға қараған түні Чемпиондар лигасының финалдық матчы өтті, деп хабарлады Sport12.kz.
Мюнхендегі (Германия) «Альянц Аренада» өткен финалда париждік «ПСЖ» пен миландық «Интер» клубтары кездесті. Матчты румындық төреші Иштван Ковач басқарды.
Жауапсыз бес гол соққан париждік клуб финалдық матчта айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, «ПСЖ» финалда «Интерді» ұтып, тарихта тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Париждік клуб осы маусымда Франция кубогы мен чемпионатын жеңіп, «алтын хет-трик» жасады, .
Дезире Дуэ – финалдың үздік ойыншысы атанды. 19 жастағы вингер «Интерге».(5-0) қарсы финалдық матчта дубль рәсімдеп, бір ассист жасады.
