2 күн бұрын
Ақтөбе полициясы Рафаэль Уразбахтинге айыппұл салды

Фото: «Қайрат» футбол клубы
Ақтөбе облыстық полиция департаменті «Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтинге айыппұл салды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алматылық маман өз командасының сырт алаңдағы «Ақтөбе» (2:1) клубымен кездесуінде жанкүйерлерге дөрекілік жасап, балағат сөз айтты. Соған байланысты департамент тарапынан Рафаэль Уразбахтиннге 78 640 теңге мөлшерінде.әкімшілік айыппұл салынды. Ол жанкүйерлерден көпшілік алдында кешірім сұрады.
Ол аталған ойын барысында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
