2 күн бұрын
Шелек орнына - барабан: «Қайсар» басшылығы жасөспірімге сыйлық жасады

«Қайсар» клубының басшылығы барабанның орнына шелекті пайдаланған жасөспірімге сыйлық жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлеуметтік желі беттерінде қызылордалық клубтың өз алаңындағы «Тұранмен» кездесуінде барабан орнына шелекті пайдаланған жасөспірімнің бейнежазбасын жариялаған еді. Осы орайда клуб басшылығы оған сыйлық жасауды дұрыс көрді.
«Қайсардың» өз алаңындағы «Жетісумен» кездесуінде клуб басшысы Талғат Әбіғаппарұлы жасөспірімге барабан сыйлады.
