2 күн бұрын
Сербиялық шабуылшы «Елімай» сапынан кетті

Фото: «Елімай» футбол клубы
Сербиялық шабуылшы Фейсал Мулич «Елімай» клубындағы мансабын мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл шешім өзара келісім негізінде қабылданды. Фейсал команда сапында 12 ресми матчқа қатысып, 3 голдың авторы атанды.
Фейсал Мулич 1994 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында Сердияның «Нови-Пазар», Германияның «Мюнхен 1860», Бельгияның «Мускрон-Перювельз», Израильдің «Хапоэль» (Акко), «Бней Иегуда», Словенияның «Мура», Босния және Герцоговинаның «Вележ», Оңтүстік Кореяның «Соннам», « Сувон Самсунг Блюуингз» клубтарында ойнады.
