2 күн бұрын
«Байер» Флориан Вирц 150 млн еуро сұрап отыр

Фото: Getty Images
«Байер» клубы неміс ойыншысы Флориан Вирц бойынша жасаған «Ливерпульдің» екінші ұсынысын да қабылдамады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Белгілі журналист Кристиан Фальктің жазуынша, ағылшындық клуб неміс жартылай қорғаушысы үшін €130 млн ұсынған, алайда леверкузендік тарап бұл соманы аз деп есептейді — олар футболшы үшін кемі €150 млн сұрап отыр.
Бұған дейін ағылшындықтардың алғашқы ұсынысы €100 млн және бонус болған еді. Неміс клубы бұл ұсынысты да кері қайтарған еді.
22 жастағы Вирц өткен маусымда 45 матчқа қатысып, 16 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген. Оның «Байермен» келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын €140 млн деп көрсеткен.
