2 күн бұрын
Бақтиер Зайнутдинов жарақатынан айықты

Фото: Алексей Сисенбин / ҚФФ
Қазақстан құрамасы мен түркиялық «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов жарақатынан айыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Қалыпқа келу кезеңі аяқталды. Жаңа маусымға дайындаламыз,– деп жазды Зайнутдинов instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, 27 жастағы футболшы биыл ақпан айында жарақат алған болатын.
