2 күн бұрын

Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Люксембургпен кездеседі

Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Люксембургпен кездеседі

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы UEFA Ұлттар лигасында бүгін Люксембургпен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойын қазақстандық уақытпен 22:00-де басталып, QazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Бұл ойында аталған топта қай құраманың бірінші орын алатыны шешіледі.

Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Армения, Люксембург және Лихтенштейн.

Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. 

Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда Армениядан 3:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ 29 мамырда ел құрамасы тағы да Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірді. 

Қазір аталған топта бес турдан кейін Люксембург 13 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы Қазақстанның 10 ұпайы бар. Ал Армения 6 ұпай еншілесе, Лихтенштейннің қоржыны бос. 

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар 23 мамырда оқу-жатттығу жиыны Алматы қаласындағы «Қайрат» футбол клубының базасында басталды. Дайындық барысында Қырғызстан құрамасымен (3:1, 2:1) екі жолдастық кездесу өткізді.


 

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

Футбол 2 минут бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

«Қайраттың» басты жұлдызына ота жасалды

Футбол 44 минут бұрын

«Қайраттың» басты жұлдызына ота жасалды

«Астананың» бұрынғы бапкері ресейлік клубты тізгіндеді

Басқа 59 минут бұрын

«Астананың» бұрынғы бапкері ресейлік клубты тізгіндеді

«Реал Мадрид» сапына 17 жастағы жартылай қорғаушы қосылатын болды

Футбол 1 сағат бұрын

«Реал Мадрид» сапына 17 жастағы жартылай қорғаушы қосылатын болды

Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусь астанасына жетті

Футбол 1 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусь астанасына жетті

Ұлттар лигасы: Криштиану Роналду командасын финалға алып шықты

Футбол 9 сағат бұрын

Ұлттар лигасы: Криштиану Роналду командасын финалға алып шықты