2 күн бұрын
Ресей құрамасының экс-футболшысы «Қайратқа» ауысуы мүмкін

31 жастағы Георгий Джикияның алматылық ұжымның қатарын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz
Джикия өткен маусымда Ресей Премьер-Лигасында «Химки» командасының намысын қорғады. Қорғаушының клубпен жасаған келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Алайда Подмосковье ұжымы алдағы уақытта тарауы мүмкін деген болжам бар. Осы жағдайға байланысты, Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы жаңа клуб іздеуде.
«Қайрат» алдағы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне дайындық барысында қорғаныс шебін нығайтуды көздеп отыр. Джикия осы бағыттағы басты үміткерлердің бірі саналады және ол Егор Сорокин мен Александр Мартыновичпен бәсекеге түсе алады.
Айта кетейік, Георгий Джикия кәсіби мансабын Мәскеудің «Локомотив» академиясында бастаған. Одан кейін ол «Спартак» (Мәскеу), «Амкар», Дзержинскінің «Химигі» және Нальчиктің «Спартак» клубтарында ойнаған. 2017 жылдан 2023 жылға дейін Ресей ұлттық құрамасына шақырылған.
