2 күн бұрын
Бруну Фернандеш саудиялық клубтың ұсынысын кері қайтарды

Фото: Getty Images
Португалиялық жартылай қорғаушы Бруну Фернандеш саудиялық клубтан түскен қомақты ұсыныстан бас тартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, жартылай қорғаушы «Әл-Хиләлге» ауысудан бас тартыпты.
Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының белді ойыншысы ешқайда кетпей, Еуропада жоғары деңгейде ойнай бергісі келеді.
Саудияның клубы Брунуға аптасына 700 000 фунт, ал «Манчестер Юнайтедке» трансфер үшін 100 млн фунт беруге дайын болған.
«Әл-Хиләл» Бруну Фернандештің шешімінен кейін «Аталанта» клубының жартылай қорғаушысы Эдерсонның өкілдерімен байланыс орнатқан. Әзірге ресми ұсыныс жолданбады. Бірақ жақын уақыттарда жасалады деп күтілуде.
