2 күн бұрын
«Ақтөбе» маусым айында Жайро Жанның көмегіне сүйене алмауы мүмкін

Фото: fc-aktobe.kz
Футбол сарапшысы Нұркен Мырзағалиев «Sport+» YouTube-арнасында Гаити құрамасының және «Ақтөбе» клубының шабуылшысы Жайро Жан туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz..
- Маусымның ортасында оны ұлттық құрамаға шақыратындығы туралы расталмаған ақпарат бар. Содан кейін «Ақтөбе» біраз уақыт бойы Жайро Жанның көмегіне жүгіне алмайды. Бұл ФИФА-ның ресми бекітілген күнтізбесі, сондықтан «Ақтөбе» оны жіберуге міндетті болады, - деді Нұркен Мырзағалиев.
Бұған дейін «Ақтөбенің» бас бапкері Вячеслав Левчук қазіргі уақытта команданың барлық ойыны Жайро Жан арқылы өрбитінін тілге тиек етті.
Биылғы маусымда гаитилік футболшы «Ақтөбе» сапында 14 матч өткізіп, бес гол соқты.
