2 күн бұрын

Бүгін футболдан Ұлттар лигасында жартылай финал ойындары басталады

Бүгін футболдан Ұлттар лигасында жартылай финал ойындары басталады

Фото: uefa.com

Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасы А дивизиондағы жартылай финал ойындары басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың аталған сатысындағы алғашқы кездесу Германия мен Португалия құрамалары арасында өтеді. 

Кездесу қазақстандық уақытпен 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ұлттар лигасында Германия құрамасы үшінші топта сынға түсті. Қарсыластары - Нидерланд, Венгрия, Босния және Герцоговинаны артта қалдырып, өз тобында 14 ұпаймен бірінші орын алды. 

Ал Португалия бірінші топта Хорватия, Шотландия, Польшаны жеңіп, 14 ұпаймен көш басына шықты.

Екі құрама қазірге дейін 11 мәрте кездесті. Оның 7-і германияның басымдығымен аяқталса, 3-де тең нәтиже тіркеліп, қалғанында Португалияның мерейі үстем болды. 

Сондай-ақ ертең, 5 маусымда жарыстың аталған сатысында Испания мен Франция шеберлік байқасады. 

Одан кейін 3-орын үшін сайыс және финал 8 маусымға белгіленген.

Ұлттар лигасы 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Португалия, Франция, Испания құрамалары чемпион атанды.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы 2024 жылы Ұлттар лигасында В дивизионында үшінші топта Норвегия, Словения, Аустриямен бақ сынап, төртінші орынды місе тұтты. Салдарынан қайтадан С дивизионына түсіп қалды. 


Ұлттар лигасының жартылай финалы драмаға ұласты

Футбол 7 сағат бұрын

Ұлттар лигасының жартылай финалы драмаға ұласты

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде жеңіліс тапты

Футбол 8 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде жеңіліс тапты

Футболдан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты

Футбол 9 сағат бұрын

Футболдан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты

Футбол: Қазақстан жастары Андоррадан басым түсті

Футбол 10 сағат бұрын

Футбол: Қазақстан жастары Андоррадан басым түсті

Жолдастық кездесу: Қазақстан - Беларусь бапкерлері кімдерге сенім білдірді?

Футбол 11 сағат бұрын

Жолдастық кездесу: Қазақстан - Беларусь бапкерлері кімдерге сенім білдірді?

Беларусь – Қазақстан жолдастық матчының басталуы жарты сағатқа шегерілді

Футбол 11 сағат бұрын

Беларусь – Қазақстан жолдастық матчының басталуы жарты сағатқа шегерілді