2 күн бұрын
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алияр Мұхамед кімге еліктейтінін айтты

Фото: ҚФФ
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алияр Мұхамед Беларусь құрамасына қарсы өтетін жолдастық кездесуге арналған баспасөз мәслихатында Қазақстан футбол федерациясына алдағы ойын жайлы сауалдарға жауап берді, депхабарлайды Sport12.kz.
– Алияр, ұлттық құрамадан шақырту алғаныңды қалай білдің?
– Маған ұлттық құраманың әкімшісінен хабарлама келді. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік, алда болатын матчтарға бар күшімді салуға дайынмын.
– Беларусь құрамасын зерделеп көрдің бе?
– Беларусь – физикалық тұрғыдан мықты команда, бірақ біз дайынбыз. Жақсы ойын болады деп үміттенемін.
– Сырт келбетің жас Криштиану Роналдуға ұқсайды. Сүйікті шабуылшың немесе кумирің бар ма? Қай футболшыға қарап бой түзейсің?
– Сұрағыңызға рақмет. Менің ойымша, бұл – Златан Ибрагимович. Ол өте харизматикалық және физикалық тұрғыдан мықты футболшы.
