2 күн бұрын
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері РПЛ клубын тізгіндеуі мүмкін

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Адиев ресейлік «Крылья Советов» клубының бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Танымал инсайдер Иван Карповтың мәлемтінше, Самара облысының Губернаторы Вячеслав Федорищев 47 жастағы ресейлік маманның кандидатурасын мақұлдаған.
Қос тарап «1+1» жүйесі бойынша келісімшартқа қол қояды. Адиевтің алдына Ресей Премьер-лигасында 8-сатыдан түспеу деген мақсат қойылады.
Еске салсақ, Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022-2024 жылдар аралығында баптады. Оның жетекшілігімен ұлттық команда Ұлттар лигасының C тобында топ жарып, Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңінде жарқын ойын көрсетті. Сонымен қатар Адиев 2021-2022 жылдары қарағандылық «Шахтердың» бас бапкері қызметінде жұмыс істеді. Ал биыл сәуір айынан бері Ресей Премьер-лигасында ойнайтын «Химки» клубын жаттықтырып келеді.
