2 күн бұрын
Панама құрамасының футболшысы «Ақтөбеден» кетті

«Ақтөбе» футбол клубы 29 жастағы панамалық шабуылшы Фредди Гондоламен келісімшарттың тоқтатылғанын ресми түрде хабарлады, деп хабарлады Sport12.kz
Фредди Гондола өткен жылдың жазында «Ақтөбеге» қосылып, командамен бірге Премьер-лиганың қола жүлдесін жеңіп алған. Келісімшарт екі тараптың өзара келісімі бойынша бұзылған.
Панамалық легионер «қызыл-ақтардың» сапында барлығы 19 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
