2 күн бұрын

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2026 жылы әлем чемпионатында қайда ойнайды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2026 жылы әлем чемпионатында қайда ойнайды

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

 Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын 2026 жылғы әлем чемпионаты бірінші дивизионында А тобындағы ойындардың қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың аталған кезеңі сол жылдың 2-8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары - Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва. 

Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкііндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнады. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болды.

Қазақстан құрамасы биылғы әлем біріншілігін сәтсіз өткізді. Жеті кездесудің біреуінде басым түссе, бесеуінде қарсыласына есе жіберіп қойды.

Салдарынан бірінші лигаға түсіп қалды. оған дейін бес жыл қатарынан элиталық дивизионда бық сынауға мүмкіндік алған еді.

Алдымен Норвегияны (2:1) жеңіп, Германия (1:4), Мажарстан (2:4), Дания (1:5), Чехияға (1:8), АҚШ-қа (1:6), Швейцарияға (1:4) есе жіберді.

Ел құрамасы дүбірлі додаға биыл 13 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші - 2021 жылғы оныншы орын.


 

Футболдан Қазақстан қыздар құрамаларының Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Футбол 2 минут бұрын

Футболдан Қазақстан қыздар құрамаларының Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бүгін Әзербайжанмен ойнайды

Футбол 15 минут бұрын

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бүгін Әзербайжанмен ойнайды

Кёрлингтен Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды.

Басқа 30 минут бұрын

Кёрлингтен Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды.

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы мансабын Германияда жалғастырады

Хоккей 31 минут бұрын

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы мансабын Германияда жалғастырады

Бақыт Сәрсекбаев U22 Азия чемпионатында таңғалдырған елді атады

Бокс 38 минут бұрын

Бақыт Сәрсекбаев U22 Азия чемпионатында таңғалдырған елді атады

Eindhoven Cup: Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

Бокс 1 сағат бұрын

Eindhoven Cup: Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды